Ағымдағы жылдың сегіз айында облыстың экономикалық өсімі 104,1 % деңгейінде қалыптасты. Негізгі капиталға 277,8 млрд.теңге инвестиция тартылды. Өңірдің өнеркәсіптері шығарған өнімнің көлемі 571 млрд. теңгеге жуық. Жыл соңына дейін сан саланың көрсеткіші көтерілуі тиіс. Осылайша, облыс белгіленген межені бағындыруды жоспарлап отыр.