Тараз қаласындағы № 50 референдум учаскесінде 2726 дауыс беруші тіркелген. Олардың ішінде 7 азамат мүмкіндігі шектеулі. Бұл азаматтар үйлерінен дауыс береді.

Елдің ертеңіне бей-жай қарамаймыз, маңызды шешім қабылдауда біздің де даусымыз шешуші роль атқарады деген ардагерлер де өз таңдауларын жасады.