Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық референдумға қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. Облыс әкімі Тараз қаласындағы №35 референдум учаскесінде дауыс берді.Айта кетейік, облыс бойынша 508 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Жалпы 717 мыңнан аса жамбылдық референдумда дауыс беру құқығына ие.