Ата-ананың тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды! Осы тақырыпта Жамбыл жоғары медициналық колледжінде арнайы іс шара өтті. Онда дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,еңбекқор, мейірімді, жан-жақты және білімді азамат тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі жан жақты айтылды. Сонымен қатар қазіргі таңда өзекті болып тұрған жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен зиянды әдеттер жайында сөз қозғалып, онымен күресу жолдары талқыланды.