АЭС салу – заман талабы. Өркениет көшінен қалмау үшін өзіміздің қуат көзіміз болуы тиіс. Өйткені, экономиканың дамылсыз дамуы үшін ең алдымен үздіксіз энергия қажет екені айтпаса да түсінікті. Атомды бейбіт мақсатқа қолданып, еліміздің жарқын болашаққа бастайтын уақыт жетті.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр. Ал өз шешімін қабылдаған 10 мемлекет инфрақұрылымын салуда келісімшартқа қол қойып, жақын арада бірінші атом электр стансасының құрылысын бастамақшы.