Тәрбие тал бесіктен басталады. Тараздағы №16 бөбекжайда ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақпен бірге ұлықтауға арналған семинар өтті. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар мен тәрбиешілердің құзыреттілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қатысушылар біраз нәрсені көрді, көкейге түйді.