Президент тапсырмасына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізуде. Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков облыс орталығындағы № 9 аумақтық округ халқымен жүздесті. Атқамінер атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, халықтың өтініш тілегін тыңдады.