Бүгін Тараз төрінде «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесі басталды. Бірегей іс- шараға 70-ке жуық кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген халал өнімдер халыққа ұсынылуда. Көрменің ресми ашылуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да арнайы қатысты.