Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде бүгін студенттердің қолынан шыққан ерекше көрме ашылды. "Еңбек галереясы" деп аталатын көрмеде қазақтың ұлттық стиліндегі сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен қазіргі заманды біріктіретін заманауи ерекше қолөнерлер көрсетілді.