Президенттің Жарлығымен мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін "Алтын жұлдыз" белгісі мен «Отан» ордені және «Халық қаһарманы» атағы берілді. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық Ұланның қолбасшысы, Қорғаныс министрі және Ел Парламентінің депутаты қызметтерін атқарған.