Елімізде келесі жылы бюджет тапшылығы 14%-ға артуы мүмкін. Өйткені білім, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салалардағы шығыстар биылға қарағанда бір триллион теңгеден асады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде айтылды.