Таразға тағы да жаңа автобустар әкелінді. Араға тура 5 ай уақыт салып, тасымалдаушы компаниялар 32 су жаңа қоғамдық көлікті ел игілігіне пайдалануға берді. Бұлар ескі автобустарды алмастырады, сосын қосымша тағы екі жаңа бағытта қатынайтын болады.

Осылайша, «қоғамдық көліктің сапасын жақсартамыз» деген қала билігінің халыққа берген уәдесі қарқынды орындалып жатыр. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа көліктердің сапасын көріп, жүргізушілерге сәттілік тіледі.