Тараздағы Шерхан Мұртаза атындағы 30-шы гимназияда облыс педагогтарының қатысуымен «Ахмет - ұлт ұстазы» атты жиын өтті. Онда қазақтың бас ұстазы, қоғам қайраткерінің өмір жолы мен шығармашылығы айтылып, еңбек жолы дәріптелді. Келелі басқосуға Ахмет Байтұрсынұлы жайлы фильмнің режиссері Мұрат Есжан мен актер Байғали Есеналиев қатысты.