Ерікті болу – ерлік. Олар қоғам игілігіне қызмет етеді. Сондықтан еріктілердің қатарын көбейту ортақ игілік.
Осы мақсатта Таразда «Волонтерлік саладағы жастар бағытының жол көрсеткіші» атты бейресми семинар-тренинг өтті. Аталған семинар-тренингке өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтарының» волонтерлік бағыты бойынша мамандары және белсенді еріктілер қатысты.