Жамбылда жылына 28 мың бала дүние есігін ашса, соның екі жүзден астамы түрлі жүрек ақауымен өмірге келеді екен. Ал кардиохирургия орталығында 150 ден астам нәрестеге ота жасалынып, жаңа өмір сыйлайтын алтын қолды дәрігерлер бар.
Десе де, білімді дәрігерлер біліктілігін арттырып отырмаса болмайды. Сондықтанда кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында «UMC Жүрек» орталығының атақты кардиохирург-дәрігері Дмитрий Горбуновтың қатысуымен алты айлық нәрестенің жүрегіне ота жасалды. Шеберлік сыныбы өтті.