2000 жылдық тарихы бар Тараз жерінде туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Алайда бұл сала біздің өңірде тұралап тұр.

Бүгін осы саланың жай-жапсарын талқылап, кеткен олқылықтардың орнын толтыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Оған партия белсенділері мен мәслихат депутаттары және туризмге жауапты сала басшылары қатысып өзара пікір алмасты.