Елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрайды. Ал, Тараздың өзінде 6797 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Ендеше, халықты жұмыспен қамту бағытындағы көрсеткіштер қандай? Мәселен, мемлекет қолдауының арқасында бүгінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, түрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асатын жобалар бар. Осы бағыттағы жұмыстардың жүргізілуіне облыстық қоғамдық кеңес өкілдері мониторинг жасауда.