Жамбыл облысының 85 жылдығына орай өңірлерде түрлі танымдық-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай мәнді де мағыналы кездесу Жамбыл ауданында өтті.

Аудандық орталық кітапхана ұжымы ұйытқы болған «Ұлттық музыка өнері – рухани байлық» атты кешке ұлттық өнерді насихаттап, ұлықтап жүрген өнер илері қатысты.