Түйеқұс бизнесіне бет бұрғандар Жамбылда да көбейіп келеді. Экзотикалық құстар бұрын тек хайуанаттар бағында ғана кездессе, қазір аудан ауылдарда өсіріліп жатыр.

Түйеқұсты түлеткендердің бірі Шу қаласының тұрғыны Насими Мамедгасанов. Бүгінде оның шағын шаруашылығында ерекше құстардың бірнеше түрі бар екен.