Ұлттық құрама спортшылары төртжылдықтың басты бәсекесіне соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Биыл Париж олимпиадасына тұңғыш рет әйелдер құрамасынан 3 боксшы қатысады. Сондай-ақ семсерлесуден де ұлттық құрама алғаш рет командалық жарыста бақ сынайды.