Шілде айының 12-24 аралығында Ұлыбританияда 65- ші халықаралық математикалық олимпиада ойындары өтті. Кәрі құрлықтағы байрақты бәсекеде Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей- интернатының 11-сынып оқушысы Шарел Марғұлан қатысып, білім бәйгесінде үздіктер қатарынан көрінді. Үздік атанған оқушыларды Тараз темір жол бекетінен оның ата- аналары мен ұстаздары күтіп алды.