Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жыл бойы жүзеге асады. Жалпы, осыған дейін өткен науқанға 500 мыңнан аса жамбылдық жұмылған жұдырықтай белсенді атсалысқан. 12 мың тонна қоқыс шыққан. Мыңға жуық техника тартылған.

Ал, бүгін өңірдегі белсенді жастар шаһардағы «Әулие Бұлақ» каналының маңын жинады. Игі іске 25-ке жуық ерікті азамат атсалысты.