Қазақстанның логистикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Транскаспий дәлізі арқылы Қытай Еуропаға жүк тасымалдайды. Әрі, есірткі мен терроризмге қарсы күрес шараларына енді, әлемнің он елі теңдей үлес қоспақ. Бұл игі бастамаларға еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде қабылданған маңызды құжаттардың арқасында қол жеткізіп отыр.