Жаңатасты су басты. Жолды су шайды. Демалыс күндері осындай ақпарат желіде желдей есіп таралды. Бұндай жағдайдың болуына нөсерлетіп жауған жаңбыр себеп болған.

Тосын жағдайға байланысты Ербол Қарашөкеев бастаған аймақ атқамінерлері жедел атқа қонды. Ахуалды көзбен көрді, халықпен тілдесті, жауаптыларға жедел тапсырма да берді.