Ауылда спорт кешені ашылды
Жамбыл ауданына қарасты Өрнек және ауылының тұрғындары бүгін қуанышқа кенеліп жатыр. Онда су жаңа спорт кешені ашылды. Бұған дейін кәсіптік колледждің аядай залында жаттығып келген жастар енді 9 бірдей спорттың түрімен шұғылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.
Аудандағы қуаныш тек бұл ғана емес. Аса ауылында көптен күткен өткел де ел игілігіне берілді.