Аймақта жас өрендер тәртібі күн тәртібінде тұр. Олардың қатысумыен орын алған қылмыстар биыл 22 пайызға артқан.

Ал, тірліктің тетігін, биліктің бишігін ұстаған кей пысықайлар мүгедектердің де ақысын жеп қалудан тайынбайды екен. Жұмыртқадан жүн қырыққысы келгендердің әрекетін прокуратура әшкере еткен. Жалпы құзырлы орган өкілдері 59 мың азаматтың құқығын қорғауға септесіпті.