24 маусым – Судья және сот қызметкері күні. Үшінші билік өкілі саналатын сот саласы еліміздің демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында маңызды рөл атқарады.

Айтулы мереке қарсаңында салада елеулі еңбек еткен майталмандар марапатталып, атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалады.