Үкімет басшысы сондай-ақ, өңірдегі бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысын көрді. Олжас Бектенов суармалы алқаптар мен су үнемдеу технологияларының мүмкіндіктерімен танысып, «Қазфосфат» компаниясы, «Таразкожобувь», және «Суперфарм» серіктестігінде болды.

Премьер-Министр Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өсімнің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.