«JIBEK JOLY» арнайы экономикалық аймағының жұмысын жандандыру қажет. Бүгін Шу ауданына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр осылай деді.

Үкімет басшысы қыруар қаржы бөлінген арнайы экономикалық аймақта ауыз толтырып айтарлықтай жобалар жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстарды қайта қарау қажет екенін айтты. Сондай-ақ, өңірге сапары аясында Олжас Бектенов Тасөткел су қоймасының жұмысымен де танысты.