Түрлі қалдықты түрлендірген қолөнер. Жамбылдық жас дарындар тұрмысқа қажетті заттарды қоқысқа тасталатын қажетсіз заттардан жасап шығаруда. Мұндай бастама экономикалық һәм экологиялық тұрғыда тиімді.

Тың жобалар бүгін «Көне Тараз» кешенінде өткен көрмеде көрсетіліп, жан-жақты талқыланды. Әр ауданнан келген өнертапқыштардың туындылары экологияны қорғауға бағытталған.