Ғаламтор мен ұялы телефон дәуірі. Бір ғана смартфонның өзі тек, хат жазып хабар алмасу құралы ғана болмай қалды. Қолдағы құрал - теледидар, радио, банкомат ол аз десеңіз мемлекеттік қызметтер алатын ерекше «терезеге» де айналып отыр.

Ал, дәрігерлер оны шектен тыс пайдалану адамның денсаулығына да қауіп төндіруде деп дабыл қағуда. Ұзақ уақыт телефонға телміртіп, жіпсіз байлайтын түрлі ойындар психологияны бұзып, адамның басқа нәрсе ойлауына жол бермей, қабілетін шектейді.