Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу мнідеттеледі. Бұл туралы заңға 16 мамырда Президент қол қойды.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев «Азаматтық туралы» заңға енген өзгерістерге түсінік берді. Айтуынша, азаматтыққа қабылдаудан бас тартудың негіздері нақтыланған. Көптен талқыланып, президент мақұлдаған заңдағы өзгерісті қоғам жылы қабылдауда.