«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдағы бизнестің дамуына сеп болуда. Жоба аясында тек егін егіп, мал бағу ғана емес, шағын кәсіпті де түлетуге болады.
Тірліктің көзін тапқандардың бірі Қордай ауданы Кенен ауылдық округінің тұрғыны – Тоты Сәрсенбаева. Ол құс фермасын ашуға 8 600 000 теңгеге қаражат алып, бейнеттің - зейнетін көріп отыр.