Аймақтың ақ үйінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде өрттің қауіпті кезеңіне дайындық мәселесі қаралды.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков табиғи өрттерді болдырмау мақсатында өртке қарсы жолақтарды жырту жұмыстары туралы баяндады.