Медбикеліктен – қолөнерге. 30 жылға тарта медицина саласында еңбек еткен Рая Әбілдаева қазір ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаумен айналысады. Оның қолынан шыққан ерекше дүниелер айналасы 4 жылдың төңірегінде көпшіліктің көңілінен шығып үлгірген. Тіпті Таразға келген туристердің де этно үлгідегі заттарға қызығушылығы жоғары.

Қолына қанша ине тығып, жуалдыз шаншыса да, өз ісінен ләззат алатын шебердің қазір өзінің тауарлық белгісі де бар. Алғашында құрақ көрпе тігуден бастаған ол заман сұранысына сай, тұрмыстық керек-жарақтар жасауға көшкен.