«Анаммен бірге кітап оқимын». Таразда осындай ерекше байқау өтті. Білімге бастайтын сайыс «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының аясында ұйымдастырылған.

Ана мен баланы кітап оқуға баулитын байқауға 40 қатысушы өтініш білдіріпті. Олардың оны үздіктер қатарынан көрініп, байқауға қатысушы жұптар салтанатты түрде марапатталды.