70 жылға жуық тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан Меркі ірімшік зауыты. Бұл сүт өнімдерін өндіруден әлі де алдыңғы қатардағы іргелі кәсіпорын. Бүгінде өндіріс ошағы өнім көлемін ұлғайтып, моцарелла ірімшігі мен ысталған ірімшікті шығаруды мықтап қолға алған. Себебі қазір аталған өнімге деген сұраныс жоғары.