Су тасқыны басталғалы қауіпсіз аймақтарға көшірілген 41 мың 200-ге жуық тұрғын бүгінде өз үйіне оралды. Әйтсе де, эвакуациялық пунктерде 6300-ден аса тұрғын қалып отыр. Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 мыңнан аса тұрғын үй мен 2844 аула аумағынан қарғын су сорылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері 800-ге жуық адамға медициналық көмек көрсетілген. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары эвакуациялық пунктерде жұмысын жалғастырып жатыр.