Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасынан басым түсті. Германиялық команда бұған дейін 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, «Пари Сен-Жермен» әзірге мұндай жоғары жетістікке қол жеткізе алған жоқ. Еске салсақ, жартылай финалдағы тағы бір ойында «Бавария» мен «Реал Мадрид» тең түскен болатын. Финалға кім шығатыны қарымта матчта анықталмақ.

Ал, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Қордай ауданы Бәйтерек ауылында шағын футбол алаңы және стрит-воркаут ашылды.