Жамбыл облыстық Ассамблея су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге құны 54 миллион теңге болатын гуманитарлық жәрдем жөнелтті. Сын сағаттарда сырт қалмай, қиындыққа ұшыраған халыққа көмек қолын созған этнос өкілдеріне аймақ басшысы алғысын білдірді.

Бірлік мерекесі қарсаңында әулиеаталық этностармен жүздескен Ербол Қарашөкеев елдегі тұрақтылық пен ынтымақты, береке мен бірліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарды марапаттады.