Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қала әкімі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, ерен еңбегімен еленіп жүрген азаматтарды марапаттады.

Әсіресе еліміз үшін қиын-қыстау шақта, шаһарымыздағы түрлі этнос өкілдерінен құралған жастардың жұмысы аталды. Олар қошеметке бөленді. «Құрмет грамотасын» қолдарына алды.