Президент тапсырмасымен басталған тазалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы жалғасуда. Бұл аптада аудан жастары «Ардагерлерді ардақтайық!» атты ұранымен соғыс және тыл ардагерлерінің үйіне барып, абаттандыру жұмыстарына көмектесті. Солардың бірі – Т. Рысқұлов ауданының жастары. Игі бастамаға еріктілер ат салысып, қазыналы қарттарымызды қуантты.