Қордай ауданының жастары «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдірді. «Өнегелі ұрпақ» тақырыбында белсенділер Мамбеталиевтер отбасының бақшасына жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Игі іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары да өз үлестерін қосты. Өз кезегінде белсенді жастар жақсылыққа үлес қосу үлкен мәртебе екенін атап өтіп, ізгілікті іске қатысуға әрдайым әзір екенін айтты.