Әуесқой футбол командалары арасында наурыз айында басталған Тараз қаласы әкімінің Кубогы өз мәресіне жетті. Екі айға жуық уақыт аралығында өткен ойындар апта сайын кестеге сай, демалыс күндері өткізіліп келген болатын.

Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысы футбол федерациясы ұйымдастырған жарысқа 300-ден астам адам, 12 команда қатысты. Тараз қаласы әкімі Кубогының иегері - ең мықты әуесқой командасын анықтау үшін 20 матч ойналды.