Еліміздің кейбір аймақтарындағы су тасқынына байланысты биыл мектептерде соңғы қоңырау іс-шарасы болмайды. Тек 11- сынып оқушыларына ғана рұқсат берілмек. Ал, 24 мамыр күні барлық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты өтеді. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге оқу жылын қорытындылайтын болады.