Тараз қаласындағы 7 мектепте директор лауазымы бос тұр. Неліктен? Басшы болатын адамдар аз ба әлде конкурс кешігіп жатыр ма? Биыл Тараз қаласында қанша оқушы мектеп бітіреді. Жаңа білім нысандарының құрылысы қалай жүруде. Білім саласындағы осы және өзге де сұрақтарға өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова жауап берді.