Қазіргі таңда алаяқтық жолмен ақша жымқыратындар көбейіп барады. Бірі жалған ақпарға құлақ түрем деп, өз есепшотының нөмірін айтып, сан соғып жатыр.

Енді бірі құлаққа майдай жағатын әсерлі сөздерге назар аударып, ақшаны екі немесе одан да көп еселеп береміз деген алаяқтарға алдануда. Соның бірі –қаржы пирамидасы. Демек, бұл құрсауға адам жинау арқылы солардың есебінен баю. Бірақ мамандар бұны-заңсыз әрекет деп дабыл қағады. Әлеуметтік желілердегі бұндай ақпарларларға да құлақ түрмеуге шақырады.