Ерекше балаларға – айрықша білім. Таразда мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ел қатарына қосылуы үшін еңбек етіп жүрген мамандар бас қосты. Педагог-ассисент, психологтар арнайы жұмыс алаңында өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерімен бөлісті. Іс-шараға облыстық білім басқармасы ұйытқы болған.