Бүгін Таразда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға ұлт тұлғасының көзін көрген арда азматтар мен зиялы қауым өкілдері және студентер қатысты.

Басқосуда қайраткердің қазақ геологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқаны баяндалып, өмір жолы жастарға кеңінен насихатталды.