Т.Рысқұлов ауданының аумақтық азаматтық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылға арналған кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Табиғи құбылыстарға байланысты ауа-райының күрт өзгеріп, еріген қар суының келуі кезіндегі авариялық-құтқару шаралары Құлан ауылындағы Жетісу көшесінде жүргізілді.